Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3663 0 пікір 17 Шілде, 2016 сағат 11:50

Төңкеріс әрекетіне қатысы бар генералдар ұсталды

Фото. http://www.trt.net.tr/

Анкарадағы Акынжы соғыс-әуе флотына жасалған операция аяқталды деп хабарлайды Түркияның TRT арнасы.  Феттуллахшы террор ұйымының (ФЕТӨ) төңкеріс бастамасына бағытталған операциялар аясында Анкарадағы Акынжы соғыс-әуе флотына жасалған операция аяқталды.

Операция барысында төңкеріс әрекетін жасаған 67 адам берілді. Бүлікке байланысты жүргізілген тергеу барысында  3-ші армиялық корпус қолбасшысы генерал лейтенант Эрдал Өзтүрік, 2-ші армия қолбсшысы генерал лейтенант Адем Худути және 2-ші армия бас штаб қолбасшысы мен Малатия Гарнизон қолбасшысы генерал майор Авни Ангун тергеуге алынды. Операцияда генерал лейтенант Худути мен генерал майор Ангунға қоса 2 бригада генералі, 4 әскер – барлығы 10 адам ұсталды.

Тергеуге алынғандар арасында бұрынғы Әуе күштері қолбасшысы генерал лейтенант Акын Өзтүрік пен қасындағы қарулы әскерлер де қару тастап берілді. Төңкерісшіл әскерлер арасында штаб мыңбасы Фатих Кылынч болса жансыз қолға түсті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 724
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 838
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 808