Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 3231 0 пікір 15 Шілде, 2016 сағат 10:18

АСТАНА ЭКСПО КЕЗІНДЕ "МИТИНГТЕРДІ ШЕКТЕУІ" МҮМКІН

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов халықаралық ЭКСПО көрмесі өтетін келесі жылы Астанада қауіпсіздік шараларын күшейту жоспары туралы баяндады. Оның пікірінше, жоғары деңгейдегі мұндай шараларды «қазіргі заманның қауіп-қатерлерін» ескере отырып жоспарлау қажет.

«Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жақып Асанов халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Астанада митингтер өткізуді заңмен шектеуді ұсынды. Бас прокурор бұл ұсынысын қылмыспен күрес және заңдылықтар мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші кеңестің отырысында айтты. Бұған қоса Асанов ЭКСПО өтетін жылы жеке тұлғаларға қару-жарақ сатуға тыйым салуды ұсынды.

«Жоғары деңгейдегі мұндай шараларды ақылға қонымды шектеулерсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Сочиде митингтерді, шерулерді, пикеттерді заңмен шектеді. Қару-жарақ сатуға тыйым салды. Автокөліктерді сырттан кіргізбей қойды. Біз де соны ойлауымыз керек. Бұл әлемдік тәжірибе. Барлық мемлекеттерде адамдар оны жақсы түсінеді», - деді Асанов.

Биыл көктемде жер мәселесіне қатысты Қазақстанның бірнеше қаласында өткен наразылық акцияларынан кейін ондаған азаматтық белсендіге айыппұл салынды немесе әкімшілік мерзім белгіленді. Тағы бірқатарына қарсы қылмыстық іс ашылды.

6 маусымнан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізілді. Ол 40 күнге жарияланды. Бұл деңгей Ақтөбеде қарулы топтың қаладағы әскери бөлімге және екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған күні ертесіне енгізілді. Қарулы шабуылдар салдарынан төрт бейбіт тұрғын және үш әскер қызметкері қаза болды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3271
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5686