Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2807 0 пікір 14 Шілде, 2016 сағат 10:29

Ауғанстанда оқушылардың жаппай өлімін ұйымдастырушылардың көздері жойылды

Пәкістан әскери қолбасшылығының мәліметі бойынша, 2014 жылы Пәкістандағы кадет мектебіне шабуыл жасап, 150 оқушының өліміне әкелген терактіні ұйымдастырушылар Ауғанстандағы америкалық ұшқышсыз ұшақтың көмегімен өлтірілген.

13 шілдеде Пентагон бұл хабарды растап, тәліптер лидері Халифа Умар Мансұр мен тағы да төрт содыр Нангархар провинциясында әуе шабуылының нәтижесінде көздері жойылды деп мәлімдеді.

Умар Нарай және Халид Хурасани ретінде танымал Мансұр мұның алдында Пешавардағы мектепке жанкештіні жібергенін мәлімдеген. Онда шабуылда қайтыс болған 150 адамның 144-і балалар. Мансұр сонымен бірге Пәкістанның солтүстік-батысындағы университетке биылғы жылдың басында болған шабуылды ұйымдастырған. Онда 21 адам – студенттер мен оқытушылар қайтыс болған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671