Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2602 0 пікір 13 Шілде, 2016 сағат 11:49

HRW: "Ярова пакеті" адам құқықтарының бұзылуына әкеледі

Ресейдің жаңадан қабылданған антитеррорлық заңы электронды ізге түсуге әкеліп, адам құқықтары мен интернет-қауіпсіздікке айтарлықтай зиянын тигізеді. Бұл жөнінде Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымының баспасөз мәлімдемесінде айтылған.

Ресей президенті қол қойған Ирина Ярованың "антитеррорлық түзетулері" заңы адамның жеке өміріне қол сұғып, интернет қолданушылардың әлеуметтік желілерде еркін пікірлерін білдіруге кедергі келтіріп, сөз еркіндігінің дамуын тежейді деп мәлімдейді құқық қорғаушылар.

HRW халықаралық ұйымының аға зерттеушісі Синтия Вонг заңдарға енгізілген түзетулер "Большой браттың" енді кәсіби түрде электронды ізге түсулеріне мүмкіндік береді дейді.

"Антитеррорлық заңдардың пакетіне" Ресей президенті Владимир Путин 7 шілдеде қол қойды. Онда жаппай тәртіпсіздікке қатысуға "шақырған", "үгіттеген" адамдарды қылмыстық жауапқа тарту қарастырылған. Мұнан бөлек байланыс операторларына бұдан былай клиенттерінің телефон әңгімелері мен смс-терін таспаға басып, сақтауға міндеттейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659