Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2343 0 пікір 13 Шілде, 2016 сағат 11:46

Тәжікстанда ұсталған «содырлардың» ата-аналары президенттен араша сұрайды

Дусти ауданының төрт тұрғыны ел президенті Эмомали Рахмонаннан қамаудағы ұлдарының ісіне тікелей өзі араласуын өтінді. Өтініш иелері ұлдарының абақтыда жазықсыздан-жазықсыз отырғанына сенімді. Ата-аналар ұсталғандарды абақтыда азаптау арқылы Сириядағы әскери әрекеттерге қатысы бар дегізіп, жалған куәлік алған деп есептейді.

Биыл наурызда Тәжікстан ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы Дусти ауданының 32 тұрғынын Сириядағы әскери әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алып, Душанбеге жеткізді. Кейін олардың 24-і босатылды, қалған сегізі әлі абақтыда отыр.

Дусти ауданының тұрғыны Махмадулло Махмадаминовтың хабарлауынша, оның ұлы Исломиддин төрт айдан бері Душанбедегі №1 тергеу абақтысында отыр. Оның айтуынша, ұлына 2014 жылы маусым-тамыз айларында Сирияда соғысты деген айып тағылған. «Бұл барып тұрған жала. Ұлым 2014 жылы 7 шілдеде Ресейден оралды, 12 тамызда біз оның үйлену тойын жасап бердің», - деді ол.

Дусти ауданының тағы бір тұрғыны Мазори Хушаковтың айтуынша, оның 28 жастағы ұлы Амиржон үш баланың әкесі, Ресейден депортацияланғаннан кейін елден ешқайда шықпаған. «Құрметті президент, осы істі әділ шешіп беруіңізді сұраймыз. Менің ұлым 2014 жылы 5 қарашада Ресейден Тәжікстанға автобуспен жетті. Оған Ресейге баруға тыйым салынған. Екі жарым жыл бойы жергілікті базарда арбакеш болып істеді. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының 6-бөлім қызметкерлері оны ұстап, Душанбеге жеткізді. Не үшін ұстағандарын бізге айтпады», - деді ол.

Дегенмен осы істің тергеушісі Бобожон Халимов абақтыда азаптады деген шағымды жоққа шығарады. «Бізде бұлтартпас айқақ бар, соның ішінде Ресей құқыққорғау органдары берген дәлелдер жеткілікті. Ешкімді жазықсыздан-жазықсыз ұстамайды. Айыпты деп тану үшін олар міндетті түрде Түркиядағыдай бірдеме жаруы керек пе? Азаптау қолданылған болса, ол туралы адвокаттарына неге айтпады? Олардың барлығы да адвокаттарының қатысуымен куәлік еткен», - деді тергеуші.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5657