Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2902 0 пікір 12 Шілде, 2016 сағат 12:59

Ақтөбедегі шабуылды зерттеуге прокуратура көмектеседі

«Процессуалды прокурорлар оқиға болған орынды тексеруге, қарулы шабуылға қатысты істегі күдіктілер мен куәгерлерді тергеуге қатысып қана қоймай, тергеушілерге кеңестер береді. Сотқа дейінгі тергеу сапасы артады, зерттеу уақыты біршама қысқарады», - деді Амангүл Жұмағалиева.

Аға прокурор Амангүл Жұмағалиева, қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарына сүйене отырып, содырлар тобы жүзеге асырған қарулы шабуыл жайлы ешқандай мәлімет берген жоқ.

5 маусымда Ақтөбеде қарулы топ екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуылдаған еді. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан жеті адам оққа ұшты, шамамен 40 адам жараланды. Алты күнге созылған арнайы операция нәтижесінде 18 күдікті өлтіріліп, бірнешеуі қолға түскен. Қазақстан билігі шабуылды «шетелден тапсырыс алған радикалды діни топтың өкілдері» жасады деп мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4154