Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6285 0 пікір 30 Мамыр, 2009 сағат 11:01

Нашақорлар 20 мыңға жақындады

Қазақстандағы ең жас нашақор бар-жоғы жетi-ақ жаста екен. Бесiктен белi шықпай жатып, айдаһардың аузына түсiп тұрғаны күйiнiштi, әрине. Дүниежүзi денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiне сүйенсек, әлемде 500 миллионға жуық адам есiрткi қолданады екен. Ал елiмiздегi есiрткiге тәуелдi адамдар саны — 250 мың, Оңтүстiк Қазақстан облысында 15 мыңнан асатын көрiнедi.
Негiзiнен бұл дертке шалдыққандардың үштен екi бөлiгiнiң жас шамасы 30 жастағылар. Ең қауiптiсi бұл дерт жеткiншектер мен жасөспiрiмдер, сондай-ақ, әйелдердiң арасында да тамырын тереңге жаюы үрей тудыруда. Тәуелсiздiк алған жылдардан берi ҚР Денсаулық сақтау мекемелерiнде тiркелген нашақорлар бүгiнге дейiн 8 есеге өскен. Олардың iшiнде 1,7 пайызы аса қауiптi топқа кiредi. Жыл сайын есiрткiнiң салдарынан республика бойынша 300 адам қайтыс болады. Ресми мәлiметтерге қарағанда, облыс бойынша наркологиялық тiркеу тiзiмiнде 2007 жылы 17261 адам болса, арадан бiр жыл өткенде бұл көрсеткiш 20 мыңға жуықтаған. Оның iшiнде маскүнемдер — 16229, нашақорлар — 3244, әйелдер — 1655, жасөспiрiмдер 335 адамды құрайды. Нашақорлықтың тұтқынына түсiп, алғаш рет тiркелгендер саны 5093 адам болса, оның iшiнде әйелдердiң 4,4 пайызы, жасөспiрiмдердiң 0,9 пайызы, балалардың 1,2 пайызы есiрткiге бейiм топқа кiретiнi анықталған.

Облыстық наркологиялық орталықтың бас дәрiгерi Нұрғали Иманбердиевтiң айтуынша, бұл цифрларды дәл деп айтуға келмейдi екен. Себебi көзге көрiнбей, есепке алынбай жүргендерi қаншама. Сондай-ақ олардың бiрi тiзiмнен шығарылса, есесiне басқасы келедi. Жаман кесел тез тарап, ана сүтi аузынан кетпеген балаларға дейiн жетiп отыр. Нашақорлық есiрткi, психотроптық немесе оларға ұқсас заттарға тәуелдiлiктен туындайтын, аты жаман ауру ағзаның өте ауыр психикалық өзгеруiне, кейде өлiмге әкелiп соқтыратынын жасыра алмаймыз. Жалпы, бұл орталықтың мақсаты — нашақорларды анықтау, тiркеуге алып, дер кезiнде емдеу. Орталықтың емханалық бөлiгi 210 төсектен тұрады. Мұнда психотерапия, әлеуметтiк оңалту, терапия, зертхана, ғылыми-ақпараттық бөлiмдер бар. Емделудiң толық курсы ұзағымен 60 күн. Орталықта жоғары дәрежелi нарколог-дәрiгерлер, психологтар, психотерапевтер, әлеуметтiк қызметкерлер науқастарға тиiстi медициналық көмек көрсетуде.
Ал жасырын емделушiлерге арнайы бөлмелер қарастырылған. Аталған орталықта емдеу тәсiлi «детоксикация», «реабилитация», «әлеуметтiк реабилитация» деп үш топқа бөлiнедi. Детоксикация бөлiмшесi маскүнемдер мен нашақорлардың ағзасындағы улы заттармен күрессе, «реабилитация» бөлiмшесi ұзақ уақыт есiрткi қабылдаған науқастың бетiн берi қаратуға күш салады. Ал үшiншi бөлiм әлеуметтiк ортадан шеттетiлген науқасты қайта тәрбиелейдi. Орталықта тәртiп қатал. Әрбiр емделушiмен келiсiм жасалып, яғни iшкiлiктен, есiрткiден, темекiден бас тартқанда ғана ем-дом жасалатыны ескертiледi. Облыс бойынша 19 наркологиялық кабинет, 3 сенiм пунктi бар...

Гүлдана АЙХОДЖАЕВА
«Оңтүстік Қазақстан» газеті 27 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036