Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2843 0 пікір 8 Шілде, 2016 сағат 09:05

Обама Еуропаға сапарлап шықты

Сәрсенбі күні АҚШ президентінің кеңесшісі Бен Родс телефон арқылы баспасөз мәслихатын өткізіп, саммиттің аса күрделі әрі жауапты кезеңде өткелі жатқанын хабарлады. Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамынан шығуы, Ресеймен арадағы қарым-қатынастың шиеленісуі және босқындар мәселесі осы саммиттің басты тақырыптарына айналады.

Президент Обама Варшавада Еурокеңес төрағасы Дональд Тускпен, Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен жұма күні таңертең кездесіп, Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы (Brexit) және Ресеймен қарым-қатынас мәселерін талқылайды. Родстың айтуынша, осы кездесулерден кейін Обама НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергпен жүздесіп, саммитке дайындық барысын пысықтайды. Одан соң АҚШ президенті НАТО саммитін өткізуші ел – Польша президенті Анджей Дудамен кездеседі.

Бен Родстың хабарлауынша, НАТО Кеңесінің алғашқы сессиясы жалпы мәселелерді, атап айтқанда Черногорияның альянсқа қабылдануы, қорғаныс шығындары, киберқауіпсіздік сұрақтарын талқылауға арналады. Жұма күні кешкілік аспен бір уақытта өтетін екінші отырыста НАТО жетекшілері Ресейге көңіл бөледі.

НАТО құрылғалы бергі уақытта жоғары деңгейде 27 кездесу ұйымдастырылды. Польшадағы саммитке 58 ресми делегация - НАТО-ның барлық 28 одақтасы, альянс құрамына қабылданғалы отырған Черногория, 26 әріптес ел, сондай-ақ БҰҰ, ЕО, Дүниежүзілік банк және НАТО парламенттік қауымдастығы қатысады.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618