Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3438 0 пікір 8 Шілде, 2016 сағат 09:04

Путин Ярованың "антитеррорлық пакетіне" қол қойды

Заңдарға түзетулер пакеті "мәлімет бермеушілік" және жаппай тәртіпсіздікке қатысуға "бейімділік" әрекеті үшін қылмыстық жаза енгізуді қарастырады. Бұған қоса, байланыс операторлары клиенттерінің телефонмен әңгімелерін және хабарламаларын жазып алып, сақтап қоюға міндетті.

Адам құқығын қорғаушылар мен оппозициялық саясаткерлер "Ярова – Озеров пакетіне" қарсы шығып, бұл құжаттың "терроризммен күреске емес, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін шектеуге бағытталғанын" баса айтты.

Зиялылар конгресіндегілер жаңа заң ережелері Конституцияға қайшы келетінін атап өтті. Адам құқықтары жөніндегі президент кеңесі де "антитеррорлық пакетті" кері қайтаруға кеңес берді.

"Ярова – Озеров пакетін" қабылдаудың зиянды тұстарын байланыс операторлары да мәлімдеді. Олардың айтуларынша, жаңа міндеттелерге байланысты ұялы байланыс қызметінің бағасы кем дегенде екі-үш есеге өсуі мүмкін.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 996
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2543
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 670