Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2944 1 пікір 6 Шілде, 2016 сағат 12:20

ЕҚЫҰ Қауымдастығы Қырымдағы адам құқығының бұзылуы туралы қаулы қабылдады

Азаттық радиосының тілшісі Георгий Кобаладзенің хабарлауынша, ресейлік және украиналық делегация "Тбилиси декларациясын" талқылау барысында дауласып қалды. Сөз таластыру кезінде Украина Жоғарғы радасының депутаты Игорь Попов Ресейді Украинаға қарсы агрессия жүргізді, егеменді мемлекеттің әлемдік қауымдастық таныған аумағының бір бөлігін аннекциялады және басып алды деп айыптады. Поповтың пікірінше, сол арқылы Мәскеу халықаралық құқықты өрескел бұзды, ал қазір Донбаста "сепаратистік сайлау" өткізу арқылы "аннекцияны заңдастыруға" тырысып жатыр. Украиналық депутат Ресей Федерациясына қысым ретінде санкцияларды одан сайын қатайтуды ұсынды.

РФ Мемлекеттік думасының депутаты Людмила Козлова бұл айыптауларға Украинада ғана емес, сондай-ақ Таяу Шығыстағы мемлекеттердегі жағдайдың ушығуына "сыртқы күштердің" ықпалы әсер етті, ал Ресей "Қырым түбегі тұрғындарының еркін қалауы бойынша қосып алды" деп жауап берді. Парламенттік қауымдастық "Тбилиси декларациясын" және оның ажырамас бөлігі саналатын "Қырымдағы адам құқығының және еркіндік негіздерінің және қырым-татарлары халқының құқықтарының бұзылуы туралы" қарарды ақыры бекітті.

Осының алдында ресейлік делегация қарар жобасының көпшілік қолдауға ие болуына наразалық танытып, ЕҚЫҰ тұрақты кеңесінің мәжіліс отырысын тастап шыққан еді.

Абай-ақпарат

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576