Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 5200 0 пікір 6 Шілде, 2016 сағат 12:07

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ШЕКТЕН ШЫҚТЫ

Құрметті оқырмандар, достар! 28.06.2016 ж. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне электронды портал және басқа да БАҚ құралдары арқылы хат жазған едім. Хатта: ҚР-сының Тіл туралы Заңындағы «Тіл туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылыққа» шақыратын 5-тараудың 24-бабына сүйене отырып, «Конституциялық кеңес» алқасы еліміздің орта мектептері бағдарламасына кірген «үш тұғырлы тіл» реформасының (ағылшын тілінің) Ата Заңымыздағы 7-бап және ҚР-сы «Тіл туралы Заңында» көрсетілген 4-ші; 5-ші; 7-ші бап; 2-тарау 8-ші; 9-шы; 4-тарау 21-ші баптарына; (11.07.1997 №151-1 ҚР-ың Заңы) қаншалықты сәйкестігін сараптамадан өткізіп, бұған өз бағасын беруді сұрағанмын

Өкінішке орай, бүгін, яғни 05.07.16 ж олардан электронды портал арқылы хатты тіркеуден бас тартқаны туралы жауап келді. Осыдан кейін заңды бұзған, өтінішті қараусыз қалдырған Конституциялық Кеңесті кімнің кеңесі дейміз?

ҚР Конституциясының 4 - бабының 4-тармағы, 18-бабы 3-тармағына, 20-бабы 2-тармағына және ҚР Азаматтық Кодексінің 8-бабы 5-тармағына сәйкес әрбір азамат өзінің сұрағына еркін ақпарат алуға құқылы. КК әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы ҚР Заңының 14-бабы 1-тармақшасына сәйкес өтініш берген кез келген тұлға құжаттар талап ету туралы сұрауға құқылы. Алайда, заңның бұрмаланбауын, оның орындалуын қадағалайды деген «КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС» өзі бас болып мұны орындамай отыр. Елді дүрліктірген «ҮШТІЛДІЛІК» мәселесінің қаншалықты заңға сәйкестігіне "Конституциялық Кеңес" төрелігін айтуы тиіс. Бұл халықтың сұранысы.

Әлі де көпті (халықты) толғантқан күрделі мәселеге жауап берер деген үмітпен жоғарыдағы сұрағымызды қайталап, екінші қайтара хат жібердім. Айтарым, көп болып Конституциялық Кеңестің үнсіз қалуына жол бермейік, жауап беруін талап етейік. 

Құрметпен: Нұрлыбай Қошаманұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578