«Қазтеңізтрансфлоты» үшін жасалған «Орал» танкері жүзу сынағына аттанды
Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ- «ҚазТеңізТрансФлот» ұлттық кеме компаниясы» АҚ (ҚТТФ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық мұнайгаз компаниясының 100% еншілесі) үшін «Красное Сормово» зауытында (Ресей) жасалған «Орал» танкері жүзу сынағына аттанды, деп кеме жасау кәсіпорнының хабарында айтылады.
Құжатта көрсетілгендей, «Қазтеңізтрансфлот» пен «Красное Сормово» зауытының арасындағы келісімшартқа 2009 жылы сәуірде қол қойылған. Оның шарты бойынша зауытта тапсырыс беру үшін үш мұнай тасымалдағыш танкер салынуы тиіс болатын. «Атырау» атты бірінші танкер «Қазтеңізтрансфлотқа» 2009-шы жылы қыркүйекте берілді, екінші «Ақтөбе» танкері 2010 жылы мамырда тапсырылды, үшінші «Орал» танкері 2010 жылы 8-ші мамырда суға түсірілді.
Зауыт мамандары мен ҚМТФ өкілдері сынау кезінде танкердің барлық тетіктері мен жүйелерінің жұмыстары тексеріліп, жылдамдығы мен маневр жасау сипаттамалары, сондай-ақ қозғалтқыш қондырғылары тексеріледі.
Техникалық сипаттамасы: кеме ұзындығы - 150 метр, ені - 17,30 м, суға шөгуі - 7,14 м, дедвейт - 13470 тонна. Танкер үш сортты мұнай өнімдерін тасымалдай алады, апат болған жағдайда мұнай өнімдерінің теңізге төгілмесі үшін екі қабатталған, жалпы көлемі 14770 м3 болатын он екі жүк танкілері бар, екі тұндырма танкі мен екі қабатталған борты бар және түбі де екі қабатталған балластылық отсектері бар.

«Қазтеңізтрансфлот» - Қазақстанның ұлттық теңіз операторы. 1998 жылғы құрудағы мақсаты - кемелер мен жүктерді өңдеу терминалдарына қызмет көрсете алатын жеке базасы бар бәсекеге төтеп беретін республиканың теңіз флотын құру. Қызметінің негізгі түрі - жүктердің барлық түрін тасымалдау, оның ішінде мұнай мен мұнай өнімдерін, контейнерлерді т.б., кемелердің барлық түрін жасау, қызмет көрсету, сондай -ақ жалға беру (фрахтование, оның ішінде экипажсыз) және кемелерді лизингілеу.
«Красное Сормово» зауыты: ресейдің ең көнеден келе жатқан кеме жасау кәсіпорны, 1849-шы жылы құрылған. Зауытта жасалған барлық кемелер өмір мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық конвенция талаптарына сай келеді, ең заманауи жабдықтармен жабдықталған.
«Морские и нефтегазовые проекты» компаниялар тобы кеме жасау саласындағы жобаларды басқарады. Топқа кіретіндер: «Красное Сормово» зауыты (Нижний Новгород), сондай-ақ «Сормовское машиностроение» (Нижний Новгород) пен Волго-Каспийское ПКБ (Нижний Новгород).