Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3395 0 пікір 5 Шілде, 2016 сағат 09:11

Ресей делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік қауымдастығының сессиясын тастап шықты

Тбилисидегі жиынға қатысушыларды Қырым жөніндегі қарар қабылдаудан бас тартуға үгіттей алмаған Ресей делегациясы мәжіліс отырысын тастап шықты. Құжатты Украина өкілдері дайындаған. ЕҚЫҰ Парламенттік қауымдастығының мерекелік 25-сессиясы Грузия астанасында өтіп жатыр.

Ресейлік депутаттар демаршына қарамастан, құжат жобасы ақыры парламенттік Қауымдастық жалпы отырысының қарауына шығарылды. Қарарға қатысты дауыс беру дүйсенбі күні өтеді. Құжат жобасында Қырымда адам құқығы үнемі бұзылып жатқаны туралы айтылған. Соның ішінде қырым-татар халқының құқығы тапталғанына баса назар аударылған. Ресейлік делегация басшысы, Мемлекеттік Дума депутаты Николай Ковалев құжатты "қолайсыз" деп атады. Ковалевтің мәлімдеуінше, Абхазия және Оңтүстік Осетиядағы жағдайларға қатысты екінші жоба "тым саясиландырылған және антиресейлік мазмұнға ие". Сол себепті ресейлік депутаттар бұл құжаттың да талқылауына қатыспайды.

ЕҚЫҰ Парламенттік қауымдастығы – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүшелігіне өткен Еуропаның, Азия мен Солтүстік Американың 57 мемлекетінің басын біріктірген парламентаралық ұйым.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566