Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3233 0 пікір 9 Шілде, 2010 сағат 06:30

Назарбаев Украинаға Януковичтің мерейтойына барады

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Виктор Януковичтің 60 жылдық мерейтойын атап өту үшін Крымға барады деп жоспарланған.

«Президент Януковичке оның мерейтойына барам деп уәде берді», - деп мәлім етті ҚазТАГ агенттігіне жұма күні президент әкімшілігіндегі дереккөз.

Украина президентінің мерейтойын атап өту үшін Крымға ТМД -ның барлық елдерінің басшылары, соның ішінде Ресей президенті Дмитрий Медведев те келеді деп жоспарланған, деп хабарлайды «Украинские новости» АА президент әкімшілігінің жетекшісі Сергей Левочкиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Шенеуніктің айтуынша, демалыс аймағында бейресми саммит өтеді, оның барысында президенттер елдер арасындағы экономикалық байланыстарды талқылайды. Бұдан басқа, В.Янукович қонақтарға Крымда инвестиция үшін тартымды аймақ ретінде таныстырмақ.

В.Янукович 9 шілдеде 60 жасқа толады. Бұл күнді ол Киев маңындағы резиденциясында отбасымен және достарымен өткізуді жоспарлап отыр.

Ал шетелдік қонақтармен мерейтойын ертең Крымдағы мемлекеттік саяжайлардың бірінде атап өтеді.

0 пікір