МИНИСТР ДӘУРЕН АБАЕВ ЖУРНАЛИСТТЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін - Қазақстанның журналистер қауымының мерекесі күні. Міне, осы атаулы күннің қарсаңында Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мырза өзінің «Фейсбук» желісіндегі жеке парақшасында БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.
Қымбатты әріптестер, қадірлі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері!
Министрліктің және өзімнің атымнан баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздер - республикалық басылымдар мен телеарналар қызметкерлерінен бастап, Қазақстанның әрбір елді мекеніндегі байланысшылар мен пошташылар, ел игілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда. Дос-жараннан, туған-туыстан, ағайыннан жылдам хабар алғызып, алысты жақындатып отырған да - сіздер.
Осынау мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік, отбасыларыңыз бен жақын-жуықтарыңызға жақсылық тілеймін!
Abai.kz