Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 6311 0 пікір 24 Маусым, 2016 сағат 11:36

БӨТЕН ӨМІР

Әлемде саған қан туыстығы жоқ жеті миллиардтан астам адам бар. Жоқ. Олай емес. Әлемдегі жеті миллиардтан астам адамның ары кетсе жиырма-отызы саған жақын туыс. Қалғаны бөтен. Сен олардың ешқайсының өткенін білмейсің, білсең де, көңіліңе алмайсың. Сен олардың ешқайсының бүгіні мен ертеңіне алаңдамайсың. Олар - бөлек әлем, бөтен өмір. 

Олардың жақсы болғанынан саған келіп-кетер пайда, жаман болғанынан келіп-кетер зиян жоқ. Олардың өмірі қалай қалыптасып, қалай өтіп жатқанының саған тиетін әсері жоқ. Олар ауырса сенен көмек сұрамайды. Қуанса - сен бірге қуансын демейді. Қайғыға душар болса, сенен жұбаныш іздемейді. Олар байыса - сенімен байлығын бөліспейді. Олар жетістікке жетсе, сені соған ортақ қылмайды. Олар барынан айрылса - қайтадан аяғынан тік тұрып кету үшін сенің қолдауыңды күтпейді. Олар да сенің өткеніңе, бүгінің мен ертеңіңе алаңдамайды.

Тек, сол жеті миллиардтың арасында бір адам болады. Оның да саған еш қатысы жоқ. Бірақ, оның жеткен жетістігіне қуанасың. Оның көңіліне қаяу түссе - сенің жаның шырқырайды. Ол қуанса - төбең көкке жетеді. Оған қиянат жасалса - сен ызаланасың. Ол налыса - сенің көмейіңе өксік тығылады. Ол ауырса - ауруын бөліп алғың келеді, ол қиналса - ауыртпалығын бірге көтергің келеді. Ол бақытты болса - сен бақыттысың, бірақ бақыт ортақ емес. Жалпы, ештеңе ортақ емес. Өйткені, ол адам да, анау, сенің өткенің де, бүгінің де, ертеңің де алаңдатпайтын жеті миллиардтың біреуі. Ол да - бөлек әлем, бөтен өмір.

Назгүл Қожабекова

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555