Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5493 0 пікір 23 Маусым, 2016 сағат 12:49

Экс-министр ауыр халде ауруханаға түсті

Денсаулық сақтау саласының экс-министрі Салидат Қайырбекова ауыр халде ауруханаға жеткізілгені туралы ҚазТАГ хабарлайды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова журналисттерге Салидат ханымның жағдайы ауыр екенін айтқан.

БАҚ-тың хабарлауынша, ол инсульт алған.

С.Қайырбекова 2010-2014 жылдары денсаулық сақтау министрі болды. 2014 жылы тамызда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған. 2015 жылы басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылған еді.

Қазіргі кезде Салидат Қайырбекова «Ұлттық медициналық холдингтің» басқармасы төрағасы болып қызмет істейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1504
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3120
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1116
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1040