Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3213 0 пікір 22 Маусым, 2016 сағат 15:06

Қырғыз Жоғарғы соты Азимжан Асқаровтың ісін қайта қарайды

Қырғызстанның Жоғарғы соты өмір бойы түрме жазасына кесілген Азимжан Асқаровтың ісін қайта қарайды. Бұл жөнінде соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сот ісі сотталушы Азимжан Асқаров пен оның адвокатының өтініші бойынша 2016 жылдың 11 маусымында басталатын болады.

Еске сала кетейік, 2016 жылы 21 сәуірде БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі сарапшылары Қырғызстан билігінен Асқаровты түрмеден босатуды сұраған. Олардың пікірінше, ол заңсыз ұсталған, адам төзгісіз жағдайда отырған, түрмеде зорлық-зомбылық көрген және сот отырысы кезінде өзін қорғап шығуына мүмкіндік бермеген.

Асқаров 2010 жылдың маусым айындағы қайғылы оқиға кезінде полиция өкілдерін өлтіруге қатысты, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген айыптармен кінәлі деп танылып, өмір бойы түрме жазасына кесілген.

2015 жылдың жазында АҚШ мемлекеттік департаменті Азимжан Асқаровты "адам құқықтарын қорғауға үлесі үшін" деген сыйлықпен марапатталған. Бұған жауап ретінде Қырғызстан АҚШ үкіметімен 1993 жылғы көмек көрсетуді жеңілдету жөніндегі келісімнің күшін жойды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1560
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3362
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6353