Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2943 0 пікір 22 Маусым, 2016 сағат 15:05

Тәжікстанда министрлер президентке ант беретін болады

Тәжік үкіметінің мүшелері бұдан былай қызметтеріне тағайындалғаннан кейін президентке серт беретін болады, ал парламент депутаттары халыққа адал қызмет етемін деп ант береді.

22 маусымда Тәжікстан парламенті "Үкімет жөніндегі" және "Маджлиси милли мен Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын қабылдады.

Тәжікстан парламентінің төменгі палата спикері Шукурджон Зухуров ант беруді президенттің өзі ұсынды дейді.

Парламент депутаты Мавзуна Шарофиддинованың пікірінше, ант беру үкімет мүшелерінің жауапкершілігін арттыру үшін қажет. Аталған құжат президент қол қойғаннан кейін және баспасөзде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

"…Қызметімді атқару барысында Конституцияны сақтай отырып, Тәжікстан заңдарын, Тәжікстан президентінің жарлықтарын орындауға, заңдылық пен әділеттілік принціптерін ұстануға, халықаралық аренада елдің имиджін одан әрі көтеріп, қызмет етуге ант етемін", -делінген мәтінде.

Тәжік қоғамында ант пен серт беру үлкен маңызға ие. Бұл адамдарға сенім туғызады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5581