Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әдебиет 5294 0 пікір 22 Маусым, 2016 сағат 13:40

КРИМИНАЛДЫ ҚИСЫННЫҢ ХАС ШЕБЕРІ

(Ербол Бейілханның «Атаман» әңгімесі бойынша)

Ербол Бейілханның әңгімелерінің бойынан криминалды қоңыр салқын есіп, детективтік арна ар сотымен жіптей байланып жалғасып жатады. Біз осыны жазушының әлі сиясы кеуіп үлгермеген жаңа әңгімесі «Атаманнан» аңғардық.  

Бұндай соны құбылыс дәстүрлі қазақ әңгімесіне «бұқаралық әдебиеттің» әдеби элементтерін сыналап енгізу соңғы 10 жылдықтағы алаш прозаиктерінің жанрлық жаңалығы. Біреу көзі үйренген дәстүрлі қазақ қара сөзін іздейді, енді біреу азат елдің бостан әдебиетінен сонылықты іздейді. Осы азат елдің бостан әдебиетінен сонылықты іздеушілер өзіне керегін Ербол Бейілхан сынды жас прозашылардың батыл шығармашылық эксперментерінен өзіне керек көп нәрсені табады.

Біздегі бір жаман әдет жастарды тек іздену үстінде деп санаушылық, осы іздену үстінде өмірге келген әдеби сонылықты әм әдеби жаңалықты ескермей жатамыз. Бұның барлығы ұлт прозаиктерінің полистильге толық бет бұрғандығын танытады. Осы ұлт прозаиктерінің арасында өзіндік полистилін тапқандар санатында Ербол Бейілхан да бар.

Қазақ әңгімелері сала құлаш пейзаждық суреттеулерден арылып, шытырман оқиғалы сөз ширатуды өзіне серік ете бастады. Үнді мелодрамасын еске салатын Қоғамның иесі мен Қылым әлемінің серкесінің кездесуіне құрылған:

- Не үшін маған бермексің?

- Оның өмірін сақтағым келеді.

- Мені қалай таптың?

- Мен іздесем бәрін табам!

- Өзіңе сенімдісің, маған сенесің бе?

- Сіз сенімді адамсыз. Менде басқа жол жоқ болып тұр!

- Сатпақсың ба?

- Ақша да керек боп...

- Қанша сұрайсың?

- Мың теңге...

- Жақсы. Сен қайда барасың?

- Тағы да түрмеге...

- Не бүлдірдің?

- Қазір жазықты да, жазықсыз да қамалып жатқан заман. Ал мен... білесіз?..

- Әрине... Ертең осы жерде кездесейік, - деп министр қолын ұсынды.

- Келістік. Министр соңынан қарап еді Атаман қос иығы түсіп, солқылдап жылап бара жатқандай көрінді...» дейтін екеу ара диалогта нәрестенің болшақ тағдыры шешіледі де, оқиға 25 жылдан кейінгі жағдаятқа ұласады.

Сол шақалақтың, яғни, Қоңырдың асырап баққан әкесінің ақтық сөзінен бар шындықты білуімен ширығып, шағын әңгіме туған әкесімен жолыққан сәтімен бітеді де, «Әке көрген оқ жонар» деген халық мәтелін есімізге салады. Атаман өзінің емес, өз ұлынның тағдырын ойлап, бойы үйренген түрмесіне оралады.

Автордың айтпақ болғаны «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Өз емес, өз баласының тағдырын ойлап, адам қатарына қосқан қылмыскерден, қазаққа тән «әке ұлағатын» бек түсініп, «Осы біз әке алдындағы парызымызды орындай алдық па!?» деген ойға қаласың. Бізді бұл ойға қалдырып отырған Ерболдың полистилі...

Әбіл-Серік Әбілқасымұлы, әдебиеттанушы ғалым

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583