Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4504 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 12:02

Нығматулин президент әкімшілігінен кетті

Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин қызметінен босады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ол Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлама таратты.

«ҚР ОСК «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңыныі 97-1-бабы 6-тармағына сәйкес «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро шешімі негізінде Нығматуллин Нұрлан Зайруллаұлын Мәжіліс депутаты етіп тіркеді», - делінген хабарламада.

Н. Нығматуллин Мәжіліске Ұлттық экономика министрінің орынбасары болып тағайындалған экс-депутат Роман Склярдың орнына барып отыр.

Бұл ауыс-түйістің басы ғана. 

Бізге хабарласқан Ақ Ордаға жақын адамның айтуынша, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Президент Әкімшілігі басшылығына барып, Бақтықожа Ізмұхамбетов Мәжіліс төрағасы лауазымын 2014 жылдан бері Президент Әкімшілігіне жетекшілік етіп келе жатқан Нұрлан Нығматуллинге тапсырып беретін көрінеді. Дереккөз Б. Ізмұхамбетов депутаттық мандатын сақтай отырып,  ардагерлер ұйымының басшылығына сайланбақшы.

Сондай-ақ, Астана қаласы әкімі лауазымына А.Мамин сайлануы мүмкін екені айтылуда.

 

Президент Әкімшілігінің жетекшісінің ауысуына байланысты редакциямызға саясаттанушы Ерлан Саиров хабарласып, өз пікірін былайша білдірді.

Ерлан Саиров, саясаттанушы: 

- Еліміз жоғарғы билік трансформация дәуреніне аяқ басып келеді. Осы уақытта саяси менеджменттің рөлі артуы заңды. Президент Әкімшілігінің басшылығына кім тағайындалады, еліміздегі билік сценарийі соған байланысты. Нығматулин жөнінде сыбыс сөз көп, бірақ ол мықты саяси менеджер болды. Оның орнына келетін адамның сондай ұйымдастырушылық қабілеті бола ма? Ендігі мәселе осында.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5604