Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3610 1 пікір 20 Маусым, 2016 сағат 12:35

Қытай компанияларының саны 35 пайызға өсті

«3 жылда Қазақстандағы қытайлық компаниялар саны 35 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Орталық Азияның қауіпсіздігіне арналған жыл сайынғы 14-ші конференцияда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлім етті», — деп жазады ҚазАқпарат.

«2016 жылдың басында Қазақстанда 600-ден астам қытайлық компания өз қызметін жүзеге асырған болатын. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда жалпы 35 пайызға өсімді көрсетіп отыр», — деді Е.Қарин.

Оның айтуынша, тіркелген қытайлық компаниялардың басым бөлігі сауда және құрылыс саласында жұмыс істейді.

«Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік қатысушылары бар компаниялар саны бойынша Қытай Ресей, Түркия, Нидерланды және Германиядан кейін 5-ші орында тұр. Олардың үлесінде 9 мыңнан астам компания бар», —  деді ол.

Институт директорының деректеріне қарағанда, 2010-2015 жылдары қытайдан Қазақстанға келген шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 10 млрд. АҚШ доллларынан асып жығылады. Бұл көрсеткеш бойынша Қытай 4-ші орында тұр.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613