Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 7771 2 пікір 20 Маусым, 2016 сағат 12:03

ТӨРЕЛЕРГЕ БЕЙРЕСМИ "СҰЛТАН" ДЕГЕН АТАҚ БЕРІЛУІ КЕРЕК

Бисмилляһи Рахмани Рахим!  
Рабби ишрәк ли садри 
Уа йассир ли әмри 
Уа ахлул ғуқдәтән мин лисәни 
Йафқаһуу қаули  (Таһа сүресі) 
О, Жаратқан Ием! Мені қуант 
Ісімді жеңілдет, 
Тілімнің байлауын шеш, 
Олар менің сөзімді түсінсін. (Таһа сүресі) 

Тарихтан белгілі, шығыс елдерінде есте жоқ ескі заманнан келе жатқан "Сұлтан" атауы бар. Кейінгі тарихымызда осы атақ қазақ  жерінде де  ел билеуші лауазымына, ұғымына айналған. Қазақ елінде "Сұлтан" атауы мән мағынасы сол қалпында сақталып, ол Шыңғыс Ханның тікелей тұқымына берілген. "Сұлтандарды" қазақ халқы - «төре» деп те атаған. "Сұлтандар" кезінде қоғамдағы көпшілік әлеуметтік ықпалды топ болған. Оларды қазақ халқы «ақсүйектер» деп атаған. Ақсүйек ұғымын әр қазақ жақсы түсінеді. Бұл ұғым қазақ арасында аристократия немесе элитаны білдіреді. (ҚҰЭ. 8 т. 91 бет).  

Жаратқан Иеміз, Бір Аллаға шүкіршілік етейік, қазақ жерінде Хан Шыңғыс ұрпақтары - төрелер сақталып қалған, олар баршылық. 

Сондықтан, қазақ төрелерінің Ата–бабаларынан қалған жалғыз «мұра», казіргі демократия салтанат құрған зайырлы қоғамымызда, заманымызға лайықтап бейресми «Сұлтан» атағын қалпына келтіруге төрелер мен басқа ел-жұрт азаматтары қалай қарайсыздар? Көршіміз Ресейде дворияндық атақ пен қауымдастыға қайта қалпына келтірілді ғой. 

Бейресми "Сұлтан" атағы ең алдымен алдыңғы қатарлы ел-жұртқа белгілі белсенді, білімді, ықпалды, жігерлі ата-тегі (шежіресі) нақты анықталған Хан Шыңғыс ұрпақтары төре тұқымдарына берілуі шарт. Ол бейресми "Жоғарғы Мәртебелі Сұлтандық" «Грамота мен сұлтандық куәлікпен" расталып, бекітіледі. 

"Жоғарғы Мәртебелі  Сұлтандық" «Грамота» мен сұлтандық куәлікті" "Жоғары Мәртебелі Сұлтандар Кеңесі" қажет құжаттарды сараптап қарап шығып, шешім қабылдап, оны бекітіп, бейресми құжаттарды өз иелеріне салтанатты түрде табыс етеді. Ол атақтың ұрпақ тәрбиесіне тікелей әсері сөзсіз. Бейресми  "Сұлтандық" атақ мұрагерлікке ие. 

Пікір білдірушілерге;  

Қаптаңдар менің Қазағым, қаптаңдар 

Таптаңдар жерге таптаңдар!  

Қайысуды білмейтін «Сұлтан» деген атым бар. 

Әділетсіздікке жүрмейтін, Төре деген затым бар! 

Қазақ төрелері атынан

Дүние жүзілік Шыңғыс Хан Академиясының академигі

Сұлтан-Аман Нұғманұлы Шотаев 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1543
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6088