Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2794 0 пікір 20 Маусым, 2016 сағат 09:09

Путин: АҚШ-тың Асадтың отставкасын талап етуі - іске асқысыз мақсат

CNN компаниясына сұхбат берген Путин Сирия президенті Башар Асадтың жедел түрде отставкаға кетуінің мәнін көріп тұрмағанын айтқан. Ол мұндай тәсілмен өзгеріске қол жеткізу мүмкін емес деген.

Ресей президенті Сирияда тек ғана жаңа конституция қабылдап, соның негізінде сайлау өткізсе ғана, демократияға қол жеткізуге болады деп мәлімдеген.

Путин Башар Асадтың Сирияның барлық аумағына бақылауды қайтарып аламын деген сөздеріне түсінік бермеді. Ресей лидері тек АҚШ-ты "біздің әріптесіміз" деп атап, жанжалға қатысы бар барлық тарапты келіссөзге шақырған.

CNN шолушысының сұрақтарына жауап бере келе президент АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты америкалықтар таңдаған кез-келген президентпен жұмыс істеуге дайынмын деп атап өткен. Ол Трамптың Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіремін деген сөздеріне оң баға берген.

Демократиялық партия атынан ықтимал кандидат Хилари Клинтон жөнінде Путин онымен жүзбе-жүз сөйлеспегенін айтқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5615