Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3474 0 пікір 20 Маусым, 2016 сағат 09:08

Стамбулде гей-парадқа қатысушыларды газбен қуып таратқан

Стамбулде полиция ЛГБТ-ны қолдауға арналған маршқа қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен резіңке оқ қолданған. Қала орталығында өткен маршқа жүзден астам адам қатысқан. Ондаған адамды полиция Таксим алаңына жеткізбей қудалаған.

The Hurriyet Daily News басылымының хабарлауынша, полиция дәстүрлі отбасы құндылығын қолдайтын адамдарды да тұтқындаған.

Стамбулде өткен ЛГБТ маршы қауіпсіздікті алға тартып, биліктен рұқсат етілмеген деп хабарлайды Euronews. Стамбулде гей-парадтар 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. 2015 жылы да полиция гей-парадқа қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған. Ол кезде билік акция Рамазан айына сәйкес келгендіктен, рұқсат бермеген.

Басқа мұсылман елдерге қарағанда, Түркияда гомосексуализм қылмыс болып саналмайды. Бірақ бұған қарамастан қоғамда гомофобиялық көңіл-күй басым.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1589
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3204
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1190
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1101