Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2566 0 пікір 20 Маусым, 2016 сағат 09:07

Мәскеу Карелияда қаза тапқан балаларды аза тұтып жатыр

Балалар мінген қайық дауыл кезінде аударылып кеткен. Ресей ТЖҚ оқиға Пряжинскі ауданында болғанын айтады. Тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин суға батып кеткендердің ішінде ересек адамдар жоқ дейді.

Карелиядағы мәдениет министрлігінің туризм басқармасының басшысы Екатерина Биктимирова ТАСС агенттігіне көлде 49 адам болғанын, олардың ішінде 12-15 жастағы жасөспірімдер болғанын айтады. Олар екі қайықпен қатар жүзіп отырған.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Твиттерге Сямозер көлінде алдын-ала мәлімет бойынша Мәскеудің балалары қайтыс болғанын жазды. Ол Мәскеуден Карелияға төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері мен дәрігерлер жіберілгенін хабарлаған.

Тергеу комитеті оқиғаға қатысы бар төрт күдіктіні ұстаған. Оның ішінде балалармен шыққан екі инструктор болған деп хабарлайды Интерфакс.

Эссойль ауылының басшысы Андрей Ореханов Эхо Москва радиосына жергілікті билік балалар лагерінің жағдайына қатысты осыған дейін де бірнеше рет ескерту жасап келді деді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5628