Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3959 0 пікір 17 Маусым, 2016 сағат 03:13

АҚШ АБАҚТЫСЫНДА ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕН АЗАМАТ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Америка түрмесінде отырған қазақ студенті  елге оралды. АҚШ-та лаңкестік оқиғаға қатысты айыпталып, 3,5  жылға бас бостандығынан айырылған Азамат Тәжияқов жазасын толық өтеп шықты. Бұл туралы «КТК арнасы» хабарлайды.

Жат жерде жазықты болып, түрмеге тоғытылған ұлдарын қарсы алуға ата-анасы мен туыстары тайлы-таяғы қалмай түгел келіпті. 2013 жылдан бері АҚШ-та қамауда болған Азамат Тәжіаяқов Алматы әуежайына келген.

«Қазір жүрегім тоқтап қалардай болып тұр. Қатты соғып жатыр. Қуанышымда шек жоқ. Келіп күтіп алғандарыңызға рахмет. Әкеме қоңырау шалып жағдайымды біліп тұрғандарыңызға рахмет. 3,5 жыл болды Қазақстанда болмағаныма. Ет жеп демалып, қымыз ішіп жатқым келеді», - дейді Азамат Тәжияқов.

АҚШ-қа білім аламын деп барып, басы бәлеге қалған ұлымен қайта қауышқан ата-ананың да қуанышында шек жоқ. Әмір Ысмағұлов та баласының тілеуін тілеген барша халыққа алғыс айтып, ағынан жарылды.

«Біздің отбасы үшін бүгін ең бақытты күн. Мен президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен рахмет айтқым келеді. Өйткені балалар 25 жыл алуы мүмкін еді. Содан кейін Бас прокуратураға, Сыртқы істер министрлігіне рахмет айтқым келеді және қазақ халқына рақметімді айтамын», - дейді  Азаматтың әкесі Әмір Ысмағұлов.

Естеріңізде болса, 2013-жылдың сәуірінде Бостондағы марафон кезінде жарылыс болып, 4 адам қаза тапқан. Лаңкестік әрекетті ұйымдастырған ағайынды Царнаевтардың үлкені Темірлан құрықтау шарасы кезінде өлсе, Жохар Царнаевті АҚШ соты өлім жазасына кескен болатын. Бұл екеуіне көмектесті деген күдікке екі қазақстандық студент ілініп, Азамат Тәжияқов пен Диас Қадырбав жазаға тартылған болатын.

Қазір Америка түрмесінде тағы бір отандасымыз жазасын өтеп жатыр. Диас Қадырбаев та Бостондағы оқиғаға қатысты терроризм бабы бойынша айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған. 

 

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652