Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2660 0 пікір 17 Маусым, 2016 сағат 03:00

«ТІЛ МЕРЕЙІ» ШАРАСЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесіп, үстіміздегі жылдың 24 маусымында «Тіл мерейі» республикалық шарасын өткізеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

 Бұл шара Мемлекеттік тілді тұрғындарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен  озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыруды басты мақсат етіп отыыр. 

Қостанай облысы Тілдерді оқыту орталығының базасында өтетін шараға әдіскер-ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушы әдіскерлері қатысады.

Шара барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары және әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, панорамалық сабақтармен қатар онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Абай-ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650