Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 5168 0 пікір 16 Маусым, 2016 сағат 18:56

ДОПИНГ ДАУЫНА ІЛІНГЕН СПОРТШЫЛАР ТУРАЛЫ МИНИСТР МҰХАМӘДИҰЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлы допинг дауына ілінген спортшыларға қатысты мәлімдеме жасады.

Министр мырзаның айтуынша, спортшылардың әр қайсысы Халықаралық олимпиадалық комитеттің шешіміне шағымдануға құқылары бар. Сондай-ақ, Мұхамәдиұлы: ХОК біздің ауыр атлеттерді спорттан мүлде аластатпаған, тек белгілі бір мерзімге шеттету туралы шешімге келген", - деді.

"Қазіргі таңда, біздің спортшыларымыз сараптама қорытындыларымен мұқият танысып жатыр. Біз де өз кезегімізде қолымыздан келген көмекті көрсететін боламыз. Моральдық, құқықтық жағынан (...) Барлық аспектілері қаралады. Біз өз спортшыларымызды қорғаймыз. Ешкім олардың құқықтарын шектей алмайды. Қазір олар аз уақытқа сопрттан шеттетілгенімен, ең соңғы шешімді ХОК айтатын болады. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімінен кейін ғана Ауыратлетика федерациясы өз шешімін білдіреді. Оған дейін ешкім біздің спортшыларға баға беруге қақысы жоқ",-деді министр Арыстанбек Мұхамәдиұлы.

Айта кетейік, допинг дауына іліккен қазақстандық спортшыларға қатысты Халықаралық олимпиада комитеті  маусымның 27-күні шешім шығаратынын мәлімдеген. Лондон олимпиадасында ел қанжығасын алтынға толтырған қазақстандық ауыр атлеттердің қанына жүргізген сараптамада күдікті ферменттер табылып, Илья Илин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подоведовалар спорттан уақытша шеттетілген болатын.

Аталған оқиғаға қатысты тағы бір ауыр атлет Владимир Седов өзінің "Инстаграм" желісіндегі парақшасында спортшылардың допинг дауына ілінуіне бас бапкер Алексей Ни кінәлі деп жазған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650