Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2756 0 пікір 16 Маусым, 2016 сағат 12:29

Ақтөбеде Үкіметтің қолдауын қажет ететін бірқатар мәселелер бар

Бұл туралы облыс әкімі Б.Сапарбаев Ақтөбеде ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтің қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жиналысы кезінде айтты деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша өңірде болған соңғы оқиғаларды, сонымен қатар облыстың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуын есептегенде кадрлық қамсыздандыру, сонымен бірге құқық қорғау және арнайы органдарды материалдық-техникалық жағынан жабдықтау мәселесі өткір тұр.

Сондай-ақ, қазіргі таңда нысандарды антитеррорлық  қорғауды күшейту, бейнебақылау камераларының санын көбейту және оларды техникалық жағынан қамтамасыз ету аса қажет.

Мәселен, облыстық Ішкі істер департаментін арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету республика бойынша ең төменгі орында, яғни не бары 43% қамтамасыз етілген. ІІД мен прокуратура қызметкерлерінің санын өсіру де өзекті мәселелердің бірі.

Ақтөбе қаласының 450 мың тұрғынына прокуратураның 47 қызметкерінен келсе, 350 мың тұрғыны бар Тараздың қадағалау мекемесінде 52 адам еңбек етеді.

- Әрине, шағын штаттың қадағалау жұмыстарының сапасына, соның ішінде экстремизмге қарсы өткізілетін іс-шаралар кезінде әсер етері сөзсіз. Қосымша штат ашып, материалдық-техникалық базаны жақсартуға қаржы бөлуге көмектесуіңізді сұраймыз, - деді облыс әкімі Премьер-министрге.

Суармалы жерлерді 11 мың гектарға арттыру, пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін және республикадағы бірінші «Мал биржасының» құрылысына инвестициялық субсидия бөлу, жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу мәселелерін шешуде де өңір Үкімет көмегін қажет етеді.  

 Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5670