Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 5639 0 пікір 16 Маусым, 2016 сағат 11:20

БІР КҮНДІК ҚУАНЫШ. ҚОШ БОЛ, АЛТЫН МЕДАЛЬ...

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпиондары Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедова спорттық сайыстардан допинг дауына байланысты шеттетілді. Осы ақпарат тарай сала әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылып жатыр.

Рас. Бүкіл әлемнің алдында Қазақстанның абыройын асқақтатқан төрт спортшымыздың да қанынан тыйым салынған дәрінің құрамы анықталып отыр. Бұл дегеніңіз осы төрт спортшы да алған медальдарынан айрылып қалуы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл бізге соққы болатын бірінші - қауіп.

Екіншіден, Қазақстанның аталған ауыр атлеттері Рио Олимпиадасына  қатыспай қалуы мүмкін. Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесі жақын күндері өтеді. Төрт ауыратлеттің тағдыры сол кеңесте шешіледі.

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік кодексіне сай, әр спортшы өз ағзасына түскен заттар үшін жеке жауап береді. Сонымен бірге, спортшы өзіне қатысты кез-келген шешімге апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Қош! Бізді саңлақтарымыздың абыройының төгілгені, сол абыройдың артындағы қазақ ұлтының, қазақ мемлекетінің жерге қарайтыны қинайды. Себебі, біздің мемлекет спорттық сайыстардағы табысты мемлекеттің табысы ретінде көрсететін идеология қалыптастырып жіберген еді. Тіпті, барлық жеңіс Елбасымыздың жеңісі ретінде сипатталатыны тағы рас.  Енді, сол жеңістің бәрі көзден бұл-бұл ұшайын деп тұр. Бұл өз кезегінде Елбасыға да сөз келтіретінін ұмытпау керек. Барлық жылт еткен жақсылықты президентке тели берудің дұрыс еместігін осы жолғы оқиғалардан анық байқауға болады.

Сонымен қатар, біз көзі тірі олимпиада чемпиондарының атына спорт кешендерін салып тастадық. Енді олардың чемпиондық атағы алынып тасталса, не болмақ? Ол кешендердің атын өзгертеміз бе?

Әрине, қазақ - мәрт халық. Бір сәттік қуанышы үшін спортшыларымызды үлде мен бүлдеге орады. Солардың ісін насихаттап, мемлекеттік идеология жасамақ болды. Енді міне, кінәні кімге аударарымызды біле алмай отырмыз. 

Бір күндік қуаныш үшін, мемлекетіміздің абыройын төгіп алмауды ойланатын кез келген сияқты.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671