Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 3151 0 пікір 16 Маусым, 2016 сағат 00:15

ҮЛЕСКЕР ІСІН БАС ПРОКУРОР МЕНСІНЕ МЕ?

Біздің адамдарымыздың заң білуден жұрдай екенін аңғарған алаяқтардың  бәрі оңай олжаға кенеліп жүр. Әсіресе, үлесіңді қосып үй салуда құрылыс компаниялары алдайды. Ал адамдардың құқы бұзылмауын қадағалауға тиісті органдарымыз оларға жаны ашып заңды тұрғыдан қорғалуына мүмкіндік туғызуға мойын бұрмайды.  Өздерін өзі қорғасын, сот бәрін шешеді дейді олар. 

Мәжілістің жуырда болған пленарлық отырысында халықтың ісіне қай күнде жаны шырылдай араласып жүретін коммунист депутат Айқын Қоңыров біраз фактілерді жайып салды. 2013 жылы 22 сәуірде Президент үлескерлер дауына орай олардың құрылыс компанияларымен жасалатын келісімшарттары «үлесімен қатысушы» формасында жасалуы керектігін ескерткен екен. Соған қарамай ана қулар келісімшартты «инвестиция салушы келісімшарты» формасында бекітіп алатын көрінеді. Бұл екеуінің айырмасы көп. Аттары да басқа ғой: «Үлескер» немесе «Инвестор».  Сөйтіп біздің заңдарымыздағы үлескерлерді қорғайтын баптар бұл мәмілеге жүрмей қалатын көрінеді. Оның үстіне құрылыс компаниясы үлескерлермен мәміле жасауға байланысты заң бойынша талап етілетін кем дегенде 25 пайыз болуға тиісті өзінің үлесін де салмай кететін көрінеді.

Еліміздің заң қадағалаушы органдары алаяқ құрылыс компаниясының алдын кесіп, оны бұлтартпайтындай етіп, үлескермен екеуінің арасындағы келісімшарттың типтік үлгісін жасап беруі керек еді ғой. Ондай жасалмаған. «Үлескер дауы» деген әлеуметтік сілкініс туғызған наразылықтарға олар әлі күнге көз жұма қарап отырған сияқты.  Өздеріне тимесе болды...

Осының кесірінен Астана қаласында ғана 15 мыңнан артық үлескер маңдай тер, табан ақымен тапқан ақшаларын салған үйлердегі пәтерлеріне қол жеткізе алмай отырған көрінеді. Коммунист депутат олардың атын атап, түсін түстей отырып, Бас прокурор Жақып Асановтың атына депутаттық сауал жолдады. Сауалда үлескерлерді алдап жүрген құрылыс компанияларын тексеріп, халықтың заңды мүліктерін алуға қол жеткізуіне көмек беру сұралған. Сөйтіп, бұл іспен енді жаңа Бас прокурор бас қатыратын болды. Нәтижесін көреміз.

С.ЕЛЕУ, сарапшы

Abai.kz

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5681