Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 3975 0 пікір 15 Маусым, 2016 сағат 13:44

УЕФА РЕСЕЙ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНА 150 МЫҢ ЕВРО АЙЫППҰЛ САЛДЫ

Марсельде Ресей мен Англия футбол құрамалары кездесуі алдында, одан кейінде де қос тараптың жанкүйерлері аяусыз төбелескен,-деп хабарлайды 365info.kz.

Салдарынан 30-дан аса адам жарақаттанып, біреуі ауруханада ауыр халде жатыр. Осы тәртіпсіздік оқиғасына байланысты іс қозғалған. УЕФА жанкүйерлердің қатысуымен болған тәртіпсіздіктер қайталанса, онда командалар мерзімінен бұрын жарыстан аластатылатынын мәлімдеді. Ал Ресей футбол одағына 150 мың евро мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұл туралы Еуро-2016 чемпионатының ресмисайтында айтылады. РФ спорт министрі Виталий Мутко бұл шешімге шағымданбайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Ресей құрамасына қатысты іс Англиямен өткен кездесуден кейін қаралған болатын. Ойыннан кейін стадион трибуналарында екі елдің бұзақылары өзара қақтығысып қалды. Қарап қалмаған ресейлік жанкүйерлер стадионға өткізуге тыйым салынған пиротехниканы да қолданған.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2861
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 957
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893