Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2981 0 пікір 15 Маусым, 2016 сағат 10:47

Қырғыз төлқұжатындағы "бесінші графаның" болмауы дау туғызды

Паспорттың жаңа үлгісінде аты-жөні, азаматтығы, туған күні мен жылы, төлқұжатты қолдану мерзімі және иесінің қолы көрсетілген. Ұлты, тұратын жері, азаматтық жағдайы және отбасы туралы мәлімет туралы ақпараттың бәрі электронды чипте сақталған.

Төлқұжаттың жаңа үлгісі мекемеаралық комиссияның отырысында қаралады, егер қабылданған жағдайда заңдық күшіне ие болады. Азаматтарға жаңа паспорт жыл соңында беріле бастайды. Ал азаматтардың қазіргі құжаттары пайдалану мерзімі аяқталғанша жарамды болады.

Жаңа паспорт үлгісіндегі ұлтын көрсететін "бесінші графаның" болмауы әлеуметтік желілерде үлкен дау туғызды. Бірі мұны арандату ісі десе, енді бірі елде бірлік пен келісімді нығайтудың белгісі деп қабылдады.

"Бесінші графаны" алып тастау жөніндегі ұсыныс бірінші рет 2011 жылы Ыстық көлде өткен конференцияда көтерілген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3271
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5686