Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2685 0 пікір 15 Маусым, 2016 сағат 10:42

Песков АҚШ-тың мәліметтер базасының бұзылуына Ресейдің қатысы барын жоққа шығарды

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың Демократиялық партия Ұлттық комитетінің мәліметтер базасын бұзуға Ресейдің қатысы барын жоққа шығарады деп хабарлайды Reuters.

Алдын "Вашингтон Пост" газеті ресейлік хакерлер Ресейдің арнайы қызметінің тапсырмасы бойынша, АҚШ Демократиялық партиясының Ұлттық комитетінің компьютерлік жүйесіне кіріп, Республикалық партия атынан АҚШ президентіне ықтимал кандидат Дональд Трамп жөнінде мәліметтер алған деп жазған. Газет Демократиялық партияның ресми өкілдерінің сөздеріне сілтеме жасаған. Олардың сөзінше, ресейлік хакерлер Трамп жөнінде мәліметтерді ғана емес, олардың электронды пошталарындағы хат алмасуларын да көшіріп алған.

"Біз басып кірудің іздерін көргеннен кейін, бұл мәселеге өте салмақты қарадық", – деп мәлімдеді Ұлттық комитет төрағасы Дебби Вассерман.

"Вашингтон Посттың" жазуына қарағанда, Демократиялық партияның компьютерлерін бұзуға хакерлердің екі тобы қатысуы мүмкін. Олардың бірі Ресейдің барлау қызметінің тапсырмасын орындаған. Олар өткен жаздан бері Демократиялық партия өкілдерінің электронды пошталарын бақылап келген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5700