Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 7144 5 пікір 14 Маусым, 2016 сағат 23:51

ТЕПЕРІШТІ КӨП КӨРГЕН ҰСТАЗДАРДЫ ҚОРҒАЙТЫН ҚОЗҒАЛЫС ҚҰРЫЛДЫ

Республика ұстаздарының «АҒАРТУШЫ» қоғамдық қозғалысы құрылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. Бұл қозғалыс қазіргі күні бар теперішті көріп, өз құқығын қоғай алмай жүрген ұстаздар қауымына қорған болмақшы.

Қазіргі кезде қордаланып отырған білім мәселесі кім-кімді болса да бей-жай қалдырған емес. Десек те білім саласындағы түрлі реформалар, жемқорлық тағы да басқа толып жатқан проблемалар мұғалімдердің еңсесін баса түсетіні тағы рас. Өзгенің бақытын аялап, өзінің баласына қарауға мұршасы жоқ мұғалімнің мәртебесін көтеру, оларға көмек қолын созу үшін республикалық мұғалімдердің «Ағартушы» қоғамдық қозғалысы құрылды.

Кеше қозғалыстың құрылтайшылары бекітіліп төрағасы болып мұғалімдердің проблемасын көтеріп жүрген Өмір Шыныбекұлы сайланды. Ол кісі Шымкент қаласындағы №41 мектептің тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз, 1-деңгейлі сертификат иегері (Кембридж технологиясы), "Білім беру ісінің үздігі", Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Бұған дейін мұғалімдер арасындағы бірнеше дау-дамайды шешуге атсалысқан.

Негізі қозғалыстың басты мақсаты - БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ. Жемқорлықпен, білім саласындағы келеңсіздікпен күрескен мұғалімдерге көмек көрсетуді, қадағалауды, тиісті орындарды құлақтандыруды басты назарда ұстап, БАҚ құралдары арқылы елге жеткізу. Сондай-ақ қозғалыс мұғалімдер мен ата-аналардың құқықтық сауатын ашу, құқықтық көмек беру, қолдау көрсету, құқық пен міндеттің қатар жүретінін ұғындыру ісімен де шұғылданады. Ұстаздардың шығармашылығының және белсенділігінің дамуына қажетті жағдайлар туғызу, олардың құқықтарын қорғау қозғалыстың негізгі мақсаттарының бірі болмақ. Бұл мақсаттарға жету жолында Қозғалыс ұстаздар арасындағы шығармашылықты қолдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына мемлекеттен және демеушілерден қаражат тауып беру, мұғалімдер арасында қоғамдық пікір қалыптастыру (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да), азаматтық қоғам және құқықтық мемлекетті дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүргізбек. 

Сонымен бірге  ұстаздардың әлеуметтік мәселелерін шешуді қарастыру, мемлекеттік атқарушы және өкілдікті органдармен әлеуметтік әріптестік орнату, ұстаздар, балалар және ата-аналардың құқығының орындалуын қадағалау,  қоғамдағы түрлі әлеуметтік-саяси проблемаларды, сондай-ақ ұстаздар мәселелерін әлеуметтік зерттеу тұрғысындағы жұмыстарын ұйымдастырады. 

Мұғалім беделін көтеру, ұстаздардың озық тәжрибелерін насихаттау және ұстаздардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, интелектуалды ұлт қалыптастыратын білім бағдарламаларын дайындайды.

Мұғалімнің қоғамдағы беделін көтеру бағытындағы түрлі әрекеттер мен шараларды жүзеге асыру және осы бағытта мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасай отырып  экономикалық, әлеуметтік, мәдени және өзге де салаларда мұғалімдер құқықтарының бұзылуы оқиғаларын жоюға әрекет жасау және қажетті жағдайда көпшіліктің, мемлекеттік органдар мен әлемдік қауымдастықтың назарын аударуға күш салады.

Мұғалімнің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында мемлекеттік органдарға ұсыныстар беру және осы бағыттағы заң жобаларының әзірленуі мен қабылдануына ат салысып,  жалпы азаматтық рухани игіліктердің өріс алуына қамқорлық жасайды. 

Қазіргі кезде белең алып отырған  мұғалімдер мен қоғам проблемаларын зерттеу,  тұрғындардың интеллектуалдық дамуы туралы бастамаларын қолдап,  Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиелеуді насихаттау және құқықтық нигилизмді жою іс-шараларын жүзеге асырады.
Адам, оның құқықтары, бостандықтары және мүдделері- құқықтық мемлекеттің жоғарғы қазынасы ретіндегі құқықтың қорғалуының міндеттілігін насихаттап,  құқық қорғаушы қызметін жүзеге асыра отырып, мұғалімдердің  Конституциялық құқықтары, бостандықтары және мүдделерін қорғайды. 

Заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығын жүзеге асыруға ат салысып, бірлестік құру мақсаттарына орай Қазақстан Республикасы заңнамалары шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып, нығайтады.

Қозғалыс осы бағыттарды негізге ала отырып жұмыс жасайтын болады.  Жұмыс барысында интернет жүйесі мен әлеуметтік желілер белсенді пайдаланып, Қазақстанның әр облысынан қозғалыстың жеке топтары да жұмыс істейтін болады. Ол мұғалімдердің құқығының тапталуына, жемқорлықтың алдын алу, немесе болған факторға байланысты жекеленген белсенді мұғалімдердің құқығының тапталмауына, жұмысының сақталуына қадағалау жасайтын болады.

М. Темірбеков, «Ағартушы» қоғамдық қозғалысының мүшесі

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5691