Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3121 0 пікір 13 Маусым, 2016 сағат 15:40

АҚШ-тың Орландо қаласында болған терактіні "ИМ" мойнына алған

Pulse клубына шабуыл жасаған Омар С. Матинді полиция атыс кезінде өлтірген. 29 жастағы Флорида штатының тұрғыны АҚШ азаматы болған.

"Орландо қаласының түнгі гей-клубта ондаған адам мерт болған, жүзден аса адам жараланған қарулы шабуылды "Ислам мемлекетінің" күрескері жасады", - деп хабарлайды Amaq жаңалықтар агенттігі.

"Біз мұны теракті деп, жеккөрушілік акті деп сеніммен айта аламыз",- деген еді АҚШ президенті Барак Обама Ақүйде.

Егер бұл оқиғаның теракті екені дәлелденетін болса, онда АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі орын алған ірі қанды оқиға болмақ. Ол кезде "Әл-Каида" тобының адамдары басып алынған ұшақтармен Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда ұйымына, Пентагонға және Пенсильвания жазығына шабуыл жасаған еді. Үш мыңдай адам мерт болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4937
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131