Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4047 0 пікір 10 Маусым, 2016 сағат 18:44

Лаңкестің бірі жарақаттанып ауруханада жатыр

Ақтөбеде іздеу салынған күдікті лаңкестердің бірі Дмитрий Таңатаров бүгін ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ол қалада таңертең болған арнайы операция кезінде жарақат алыпты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар оның жағдайы ауыр екенін, қазір операция жасалып жатқанын айтқан.

Кеше осы Д. Таңатаровтың ағасы Владимир Таңатаров бауырына видеоүндеу жолдаған еді. Онда В. Тараканов інісіне қаруды тастап, полицияға берілуге кеңес береді.

Күдіктілер қаладағы тәулік бойынша жалға берілетін пәтерлердің біріне жасырынған көрінеді. Лаңкестер полицияның қаруды тастап, берілу туралы талабына құлақ аспай, оқ жаудырған. Арнайы жасақ пәтерді шабуылдау барысында қарақшылардың төртеуін өлтірген. Бүгін қаланың басқа ауданында тағы бір күдіктінің полиция көлігін атқылағаны, полиция жауап ретінде атқан оқтан қаза тапқаны белгілі болды. Қарақшының оғы екі полиция қызметкерін жаралаған.

Естеріңізге салсақ, 5 маусымда Ақтөбеде болған лаңкестік шабуылдан 7 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды. Содан бері полиция 18 қылмыскердің көзін жойған. 9 қылмыскер ұсталған. Әлі екеуі бой тасалап жүр. Олар туралы мәлімет ұсынған адамға 5 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656