Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5484 0 пікір 10 Маусым, 2016 сағат 10:55

Жанат Есентаев кешірім сұрады

 Оралдық бард әнші, ұлтаралық араздық туғызды деп айыпталып жатқан Жанат Есентаев кешірім сұрады. Ол тергеу органдары мен қоғам мүшелеріне өзінің ісіне шын өкінетінін айтып, хат жолдап отыр. Бұл туралы Абай-ақпарат хабарлайды.

Хатта Жанат Есентаев өз шығармашылығына әр қашан Отанға деген сүйіспеншілікті, еркіндек пен халыққа деген махаббатты арқау еткенін, ешқандай жаппай тәртіпсіздіктер мен заң бұзушылықтар туралы ойламағанын айтады.

«Мен ешқашан Қазақстанымызда соғыс пен күйреу болғанын тілемедім. Қазақтар ең бейбітшілік сүйгіш халық болған, болып отыр, бола да бермек. Біз барлығымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіміз керек», - деген ол Қазақстанда қандай да бір күрделі жағдай бола қалса өзінің ешқандай арандатушыларға ермейтінін айтады. Сондай-ақ ол, өз сөздері біреулердің ұлттық сезіміне нұқсан келтірсе, кешірім сұрайтынын айтады.

«Осы хатпен мен қоғамға, тергеу органдарына өзімнің орыстарды қорлау туралы арам ойым болмағанын жеткізгім келеді. Егер менің сөздерім біреулердің намысына тисе, шын көңіліммен кешірім сұраймын», - дейді бард-әнші.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652