Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2917 0 пікір 9 Маусым, 2016 сағат 10:06

Қаза тапқан ақтөбеліктердің отбасына 5 миллион теңгеден беріледі

Ақтөбе облысының басшылығы теоорорлық акті кезінде көз жұмғандардың отбасыларына берілетін материалдық көмектің көлемін арттыру туралы шешім қабылдады. Оларға 5 миллион теңгеден берілетін болады деп хабарлайды «Ақтөбе- ақпарат» орталығы.

Белгісіз топтан құралған топ маусымның 5-і күні екі қару-жарақ  дүкені мен әскери дүкенге қарулы шабуыл жасаған болатын. ІІМ мәліметінше шабуылдаушылардың басым бөлігі ұсталған, алты адам іздеуде жүр.

Теракт салдарынан 7 әскери және азаматтық тұлға қайтыс болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендерге облыст әкімдігі тарапынан барлық қажетті көмектер көрсетілуде.

Қаза тапқан ақтөбеліктердің ішінде «Паллада» қару-жарақ дүкенінің 44 жастағы сатушысы Андрей Максименко, 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко, 35 жастағы Михаил Матросов бар. Олар қылмыскерлердің қолынан кездейсоқ қаза болды. 33 жастағы «Күзет» қызметкері Мерхан Тәжібаев қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болды.

Өткен жексенбіде болған қайғылы оқиғаға байланысты 9 маусым Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Республика көлемінде тулар төмен түсірілді. Мәдени-көпшілік және спорттық шаралар кейінге шегерілді.  Теле-радиолардан берілетін ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641