Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4366 0 пікір 9 Маусым, 2016 сағат 09:13

ІРГЕМІЗ СӨГІЛМЕСІН!

Ардақты ағайын, бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні.

Ең болмаса, содырлардың сойқанынан оққа ұшқан сардарлар мен сарбаздар және қарапайым тұрғындардың әруағы үшін әлеуметтік желіде желікпей, ауызға сыйғанды аталамай, тамақ іштім, деп табақтай бет пен спорт залдамын, деп санды жылтыратпай, қайта береке-бірлігімізді нығайтып, жылы лебіз, жақсылық тілеп дұғада болайық! Қапыда көз жазып, бейбіт күнде опат болған ел азаматтарына дұға бағыштап, артында аңырап қалған әке-шеше, зар илеген бала-шаға, қабырғасы қайысқан туған-туыстары мен Ақтөбеліктердің қайғысымен бөлісейік. Атам қазақ мұндайда: " Қайғы бөліссең, азаяды" демеуші ме еді. 

Қасиетті Рамазан айында Жаппар Құдай мерейлі мемлекетімізге көз тіккен көкшулан елдердің іріткісінен сақтап, дін жолында үйірін таппай сандалып, адасқандарды тура жолға салғай!

Іргеміз сөгілмесін, КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ жығылмасын! Аумин!

Алмат Әбдіраман

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641