Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4239 1 пікір 8 Маусым, 2016 сағат 15:18

ҰҚК: ондай террористік ұйым мүлде жоқ

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде «Қазақстанды азат ету армиясы» деп аталатын террористік ұйымның мүлдем  жоқ екенін және осыған дейін ешбір жерде тіркелмегенін айтты.


Құзырлы органдағылар аталған ұйым туралы ақпаратты таратпас бұрын, оның анық-қанығына көз жеткізіп алуға кеңес береді. Бұл туралы «vlast.kz» порталы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Күні кеше ғана қазақстандық БАҚ Ақтөбе қаласындағы болған терактіні «Қазақстанды азат ету армиясы» деп аталатын белгісіз бір террористік ұйымның өз мойнына алғандығын хабарлаған еді.

«Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде бұл ақпаратты теріске шығарады. Себебі бұл шындыққа жанаспайтын мәлімет. «Қазақстанды азат ету армиясы» ұйымы жоқ»,-деп мәлімдейді ҰҚК.

5-маусым күні Ақтөбе қаласында белгісіз біреулер екі бірдей қару-жарақ дүкеніне және ұлттық гвардияның әскери бөлімшесіне шабуыл жасады. Ұлттық қауіпсіздік органдары аталған оқиғаны «теракті» деп мәлімдеді. ҚР  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, екі тәуліктің ішінде Ақтөбе қалалық ауруханасына 38 адам ауыр дене жарақаттарымен түскен. Қазір полиция теракті жасаған тағы 7 адамды іздестіруде. Қарулы күштер мен терористер арасындағы атыс кезінде 13 адам қаза тауып, тағы 4 адам ауыр жарақат алған. Еліміздің барлық аймақтарына бірдей «қауіптің сары деңгейі» режимі енгізілді.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, терроршылар 6-7 маусым күндері де шабуыл жасапты. Алайда ҚР ІІМ бұл мәліметті ресми түрде теріске шығарды.

Түйін: Осының алдында Қазақстанның құзырлы органдары мен БАҚ Ақтөбедегі атысты жасағандар "Қазақстанды азат ету армиясы" деп аталатын белгісіз терроистік ұйым деп жарияға жар салған еді. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұндай ұйымның мүлде жоқтығын айтып отыр. Парадокс. Әуелде елдегі барлық оқиғаларды ұйымдастырған жалғыз адам - шымкенттік кәсіпкер, қазір қамауда отырған Тоқтар Төлешев деп мәлімдеді. Іле-шала Ақтөбеде атыс болды. Оған кінәлі - белгісіз бір ұйым деді. Енді бүгін бұл ақапарат та жалған болып шықты. 

Abai.kz 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625