Жұма, 16 Мамыр 2025
Айбын 5659 0 пікір 8 Маусым, 2016 сағат 13:01

Н. НАЗАРБАЕВ: ЛАҢКЕСТЕР ҚАРУЛЫ ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТСЕ, КӨЗДЕРІ ЖОЙЫЛСЫН

Ақорданың твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев  ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдағаны туралы жазылды.

 

 

Кездесу барысында Владимир Жұмақанов Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы антитеррорлық операцияның барысы жайында баяндады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қазіргі уақытта 13 адамның көзі жойылғанын, 14 адамның жарақат алғанын хабарлады. Сонымен қатар, қылмыс жасауға дайындалған 20 адамның бас тартқаны және олардың аты-жөндері анықталып, жауап алынғаны айтылды. Қазіргі уақытта 6 адам іздеуде жүр, олар Ақтөбе облысында көірнеді.

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысында террорлық әрекеттерге қатысы бар адамдарды тауып, ұстау бойынша тиімді жұмыс жүргізудің қажеттілігін атап өтті.

«Біз олардың өңірде екенін білеміз, олардың аты-жөндері анықталды, халыққа ескерту жасалды. Барлығын, бірде-бірін қалдырмай ұстау қажет. Қарулы қарсылық көрсетсе, көздері жойылсын. Барлығы ең қатал жаза алсын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазір Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілген. Шабуыл жасаған 13 адам оққа ұшты, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2665
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4344