Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3534 0 пікір 8 Маусым, 2016 сағат 10:04

Сепаратистер Надежда Савченкомен диалог жүргізуге дайын

Өзін-өзі Донецк халықтық республика (ДХР) деп жариялаған сепаратистер өкілі Денис Пушилин Надежда Савченкоға арнайы өкілеттік берген жағдайда онымен тікелей диалог жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.

"Интерфакске" сұхбат берген Пушилин Донбастағы жағдайды реттеу жөніндегі Үшжақты байланыстыру тобындағы Киев өкілдерін сынға алды. Оның сөзінше, олар ДХР мен ЛХР өкілдерімен тікелей диалог жүргізуден қашады әрі бейбіт процестер жүргізу міндеттерін орындамай келеді.

Алдын Жоғарғы Рада депутаты Надежда Савченко Украинаға сепаратистер лидерлерімен тікелей келіссөз жүргізу керектігін айтып, ДХР мен ЛХР басшылары саналатын Александр Захарченко мен Игорь Плотницкиймен келіссөз жүргізуге әзір екендігін жеткізген.

Савченко сонымен бірге Донбасты күшпен қайтаруға қарсы екенін және Ресейге қарсы санкцияны ұзарту қажеттігін де мәлімдеген.

Ресейде 22 жылға бас бостандығынан айырылған украиналық ұшқыш Надежда Савченко 25 мамырда отанына оралды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2261
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3911