Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3859 0 пікір 7 Маусым, 2016 сағат 07:28

АҚТӨБЕДЕГІ ЛАНКЕСТІККЕ ҚАТЫСТЫ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Елде орын алған жағдайға байланысты «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммед үндеу жасады.

Үндеуде М. Құл-Мұхаммед Ақтөбе қаласында орын алған қантөгісте қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, бұл қанды оқиғаның біздің мүбарак дінімізге қатысы жоқ аюандық екенін айтады. Барлық қазақстандықтарды татулық пен бірлік арқылы ғана барлық қиындықтарды еңсеруге болатынына сендіреді.

Құрметті отандастар!

Қазақстан мұсылмандары мен бүкіл ислам дүниесі барша айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айында өтетін оразаға дайындалып жатқанда Ақтөбе қаласында жантүршігерлік лаңкестік оқиға орын алды.

Сіздер мен біздің бауырларымыз – бейкүнә жандар жазықсыз құрбан болып, оққа ұшты.

«Нұр Отан» партиясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады.

Біз әкесінен, бауырынан және баласынан қапыда айырылған сіздердің әрқайсыларыңыздың қайғыларыңызға ортақпыз. Сіздермен бірге біз де аза тұтамыз.

Террористерде ешқашан ұлт та, діни сенім де болмаған. Қандықол кісі өлтірушілер өздерінің қасапты әрекеттерін жалған діни ұрандармен ақтап алғысы келеді.

Мұндай адамгершіліктен мүлде ада іс-әрекеттердің мүбәрак дінімізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айрықша қайталап айтқым келеді.

Нағыз мұсылман үшін ислам – әрдайым бейбітшіліктің, мейірімділіктің, төзімділіктің және өзара құрметтің діні болып қала береді.

Біз туған Отанымыздың тағдырын ойлайтын бүкіл халықты бірлік пен берекеге шақырамыз.

Барша қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылықтар саналатын тәуелсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім Елбасымыз ұстанған Қазақстанның нығаюы, өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне бағытталған саясатының берік іргетасы екендігін әрқашан ұмытпауымыз керек.

Бүкіл отандастарымызды ағайынның бірлігін, еліміздің тыныштығын, халқымыздың татулығын көздің қарашығындай сақтап, оны одан әрі нығайта беруге шақырамыз.

Тек бірге, тек татулықта, тек өзара сыйластықта ғана біз кез келген қиындық пен кедергіні еңсере аламыз. Осыны әрдайым есте ұстайық, ағайын!

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584