Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3597 0 пікір 7 Маусым, 2016 сағат 04:22

ӨЗБЕКСТАН. ЖАППАЙ НАМАЗ ОҚУ МЕН ИФТАРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЛДЫ

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары шейх Абдулазиз Мансұрдың сөзінше, көпшілікпен бірге ауыз ашуға (ифтарға) тиым салу исламның тарихынан бері болған.

"Біздің пайғамбарымыздың заманында ифтарды кешкі ауызашарға ас таппаған адамдарға арнап дайындаған. Алайда біздің заманда бұл бір той-думанға айналып кетті. Сол себептен де біз жергілікті әкімдікке тыйым салу жөнінде ұсыныс жасадық. Бұл жылы мейрамханаларда және қоғамдық тамақтану орындарында ешқандай ифтар болмайды", – деп хабарлады шейх Абдулазиз Мансұр.

Ол сонымен бірге биыл өзбекстандықтарға ауызашар рәсімін өз үйлерінде даңғазасыз атап өту ұсынылғанын айтады.

Еске сала кетейік, Өзбекстанға ифтарға тыйым салу 2014-2015 жылдары енгізілген. Өткен жылы Өзбекстан мешіттерінде ұзақ жылдардан бері бірінші рет мешіттерде ауызашар жасауға рұқсат берген. Енді бұл жолы қайтадан тыйым салынып отыр.

Мұнан бөлек Өзбекстан билігі  әртүрлі діни ағымдардың жетегіне еріп кетпеу үшін, жастарды жаппай намаз оқу орындарына жіберуге тосқауыл қойған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584