Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3700 0 пікір 3 Маусым, 2016 сағат 10:09

Алматыда дін қайраткерлерінің қатысумен халықаралық конференция өтті

Бүгін Алматы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 15 жылдық мерейтойына орай «Ислами білім беру орындары және олардың жаңсақ түсініктерді түзетудегі рөлі»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, - деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Діни білім беру саласын жетілдіруге арналған конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төраға орынбасары Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, ЕАР Уақыфтар министрі профессор  Мұхаммад Мұхтар Жұма, Алматы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Саясат Нұрбек, сондай-ақ еліміздің және шетелдік мәртебелі ғалымдар мен қонақтар қатысты.

«Біз санаулы жылдарда еліміздің діни саласындағы жұмыстарға жаңа өзгерістер енгізіп, жаңа бастамаларды жүзеге асырып келеміз. Сол жұмыстардың бір бағыты – діни білім беру саласы. Бүгінгі таңда Діни басқарма мешіттерінде 545 жоғары білімді, 797 орта арнаулы білімді мамандар қызмет етуде. Діни басқарма 2020 жылға дейінгі діни білім саласын дамытуға арналған Тұжырымдама қабылдады. Тұжырымдаманың мақсаты – мешіт-медреселерімізді білімді де білікті кадрлармен тиісінше қамтамасыз ету, дін мамандарының әлеуетін жаңа деңгейге көтеру, діни білім саласын жақсарту», – деді  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Конференцияда діни білім беруді жетілдіру, имамдардың біліктілігін арттыру, жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру мәселелеріне қатысты халықаралық деңгейдегі ғалымдар тың пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570