Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5691 0 пікір 1 Маусым, 2016 сағат 15:31

Талғарда 15 тәулікке қамалған екі тұрғын босатылды

Алматы облысының Талғар ауданында "рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды" деген айыппен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған Манас Әбдіманап пен Қуаныш Сұлтанәли қамаудан босап шықты. Бұл туралы Азаттыққа Манас Әбдіманаптың туысы Ерболат Әлқожа хабарлады. Оның сөзінше, Манас пен Қуанышты бүгін таңертең босатқан.

Полиция Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғыны, 1994 жылы туған Манас Әбдіманапты мамырдың 16-сы күні күндізгі сағат 12-де үйінен алып кеткен. Әбдіманаптың туысы Ерболат Әлқожаның айтуынша, не себепті ұстап жатқанын түсіндірмеген полиция өздерімен бірге Манастың телефоны мен ноутбугын да алып кеткен. Сот оларды әкімшілік кодекстің 488-бабы "рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру") бабымен айыпты деп тапқан.

Әлқожа інісінің Facebook әлеуметтік желісінде жер мәселесіне қатысты ойларын, жерді жалға беруге қарсылығын білдіріп жүргенін айтады.

Манас Әбдіманап Талғардағы Дінмұхамед Қонаев атындағы университеттің 4-курсында оқып жүрген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1415
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2991
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1063
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 994