Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 7242 0 пікір 31 Мамыр, 2016 сағат 11:58

ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖАЛҒА БЕРУ ИДЕЯСЫНЫҢ АВТОРЫ КІМ?

Жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық толастамай тұр. Десек те, «осы бір қауіпті идеяның авторы кім, бұл мәселе қай кезден басталып, қалай өрбіп келеді?» деген сұрақтарға нақты жауап берген ешкім жоқ.

Біздің білуімізше, 2008 жылдың 24 қазанында Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов  Oriental Patron Financial Group («Шығыс жебеушісі» қаржылық компаниясы) атты гонконгтық компанияның делегациясын қабылдап, тараптар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын талқылайды. Талқылау барысында ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов компанияның инвестициялық жоспарын мақұлдап, ары қарайғы өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытады.

Содан бір жылдан кейін, 2009 жылдың желтоқсанында Үкімет басшысы қытайлық инвесторлар жерді жалға алғылары келеді деп мәлімдеді.

Бұл ақпаратты сол кезде үкіметтегі дереккөзінің арқасында ҚазТАГ сенімді түрде хабарлаған болатын.

Онда Oriental Patron мен Jilin Grain Group (ҚХР ірі астық компаниясы) компаниясы бірлесіп, халқы тығыз орналасқан елдің оңтүстігінде соя мен рапс егу үшін 1 миллион гектарды жалға алуды жоспарлап отырғаны айтылған еді.

Бұдан кейін қоғамда біршама дүрбелең туғанымен Oriental Patron Financial Group (OPFG) және Jilin Grain Group компаниялары алғашқы жоспарларынан бас тартпады. OPFG қажетті жобаны дайындап, өз сағатын күтті.

2010 жылдың 25 тамызы Oriental Patron және China Investment Corporation Қазақстанға инвестициялау үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Арада жарты жыл өткенде, тараптар жарғылық капиталға $16,5 млн салды. Әріптестер жобадан бас тартпады. Мұны 2012 жылы тамызда жарияланған халықаралық тұрақты даму институтының (ХТДИ) баяндамасы да растайды. «Расталған қытайлық жобалар арасында көлемділері де бар. Солардың бірі – Jilin Grain Group қытайлық мемкомпаниясының соя өсіру үшін Қазақстанда 1 млн гектар жерді жалға алу жобасы. Жоба жүзеге асыруға дайындық кезеңінде», – делінген ол құжатта.

Айтпақшы, 2012 жылы Қазақстан «МаЖиКо» (май, май жем) басқарушы холдингін құрды, оның басшысы болып, Арман Евниев тағайындалды. Ол ауыл шаруашылық вице-министрі қызметінен 2012 жылдың тамызында босаған болатын. «Қазақ-Астық» интернет порталына берген сұхбатында А.Евниев «МаЖиКо» Қазақстанда соя, жүгері, рапс және басқа да майлы дақылдарды өндіру мен өңдеуді дамытуға көмектесетін болады деген еді. «Біздің компания, «МаЖиКо» холдингі, бір сөзбен айтқанда, Астық қауымдастығы сияқты, тек соя мен жүгері нарығында», – деп атап өтті ол.

Ауыл шаруашылығының бұрынғы вице-министрі, «МаЖиКо» бағдарламасының нарыққа инвестиция және әртүрлі көзден $1,5 млрд көлемінде инфрақұрылым жоспарлап отырғанын, сондай-ақ әріптес-клиенттерді іздеп жатқанын мәлімдеген еді. «Ол - неміс, еуропалық, қытайлық, түрік, ресейлік, украиналық, белорустік өндіруші бола алады және қазір біз таңдау кезеңіндеміз», – деген-ді.

Үкімет деңгейінде қолға алынған осындай келісмдерден кейін қазақ жерін меншікке  және шетелдіктерге жалға беру туралы бастаманың авторы кім екені көрініс беріп тұрғандай...

Қ.Байбірлікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292