Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
46 - сөз 5186 0 пікір 27 Мамыр, 2016 сағат 16:06

ҚЫРҒЫЗДАРДАН КЕШІРІМ СҰРАП БІТТІҢІЗДЕР МЕ?

Алатооның арғы бетіндегі ағайыннан кешірім сұрап біттіңіздер ме?

Арыстанбекті ақтауға, сіздерді даттауға, мұнда таласуға ешқандай тілегім жоқ, тек бір ойымды айтпасам, өліп барады. Кешірімді соған мүдделі, өзінде өкілеті бар адам сұраса мейлі, жоқ, жұрттың жаппай қырғыздан кешірім сұрауы әнебір Майкл Джексонға көңіл айтып қайғыру сияқты мағынасы күмәнді тірлік пе деп қаламын) Әлеуметтік желінің өз ағысы болады. Оған ілесе ақпасаң, толқын сені жағаға лақтырып жіберетіндей үрей бере ме екен, әйтеуір, ұлы тұлғалар қайтыс болғанда оның осы уақытқа дейін фанаты болмаған адамның өзі қайғырып, көңіл айтатыны трендтен басқа түк те емес секілді маған. Өзіне етене жақын біреу болса, мейлі...

Әйтпесе, 2011 жылы Ринат Зайытов қырғыздың Аалы Тұтқышевіне «Қайтейін, қырғыз бауырым, Сен бар нәрсеңді дал қылдың. Ұрыны да хан қылдың, Қараны да хан қылдың. Ол аз болғандай соңында, Әйелге тізгін алдырдың.... Қырғыздың тең жартысы, Базарында қазақтың, Ас-киімін тауып жүр. Біраз қызың біз жақта, Саудаға тәнін салып жүр» дегенде Арыстанбегіңнің кешегі сөзі ойнамай қалған еді. Бұдан да зорын айтқан-ды... Бұл айтыс қарымта айтысқа ұласып, оған сол кезде әлі дамымай жатқан Қазнет пен Қырнет сұмдық резонанс беріп, соңы қырғыз ағайынның бізге қатты өкпелеуіне апарып еді. Оның алдында екінші революциясы кезінде біразға дейін шекараны жауып тастауынан-ақ көңілі бүлініп жүрген.

Айтайын дегенім, кешірім сұраудың реті негізі сол кезде келіп еді ғой, ә, әлде кейінгі жылдары жүрегіміз жібіп, кешірімшіл болып кеттік пе?

Өркен Кенжебек

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1518
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3298
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5891